Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нуров Махмуд қажы Нұрұлы мешіттің күрделі жөндеу жұмыстарына демеушілік көмек көрсеткен жамағат Оспанов Асқар Жұмабайұлына алғыс хат табыс етті.
Асқар Жұмабайұлы діни білімін жетілдіру мақсатында перзентін мешіт ұстазы Фархад Нұрланұлының дәрісіне беріп, шәкірт ретінде тұрақты қатысуын қамтамасыз етіп қана қоймай, мешіттің дамуына да белсенді үлес қосты.
Имам Махмуд Нұрұлы алғыс хатты табыс ете отырып, Оспанов Асқар Жұмабайұлының адал еңбегі мен жанашырлығын жоғары бағалап, Алланың разылығын алу жолындағы ісіне береке тілеп, барлық жамағатқа үлгі боларлық іс екенін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы