Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде «Жақсылық жасаушыға берілетін сауаптар» тақырыбында насихат айтылды
«Бала қажы» мешітінде «Жақсылық жасаушыға берілетін сауаптар» тақырыбында насихат айтылды

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы мешіт шәкірттеріне «Жақсылық жасаушыға берілетін сауаптар» тақырыбында тағылымды насихат айтты.

Насихат барысында ұстаз жақсылық жасаудың ислам дініндегі орны мен маңызын кеңінен түсіндіріп, әрбір ізгі істің Алла Тағала алдында үлкен сауапқа кенелтетінін Құран аяттары мен хадистер арқылы баяндады. Сонымен қатар, күнделікті өмірде адамдарға пайда тигізудің, көмектесудің және ізгі ниеттің мұсылман баласына тән көркем мінез екеніне ерекше тоқталды.

Шара соңында шәкірттер тақырып аясында өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, рухани тұрғыда мол әсер алып, пайдалы мағлұматтарға қанықты.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz