Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нуров Махмуд қажы Нурұлы жыл басындағы алғашқы дәріске қатысып, мешітте діни білім алып жатқан шәкірттермен жүздесті.
Кездесу барысында имам білім алушылардың білімге деген ынта-ықыласына жоғары баға беріп, шынайы ризашылығын білдірді.
Қазіргі таңда мешіт ұстазы Фархад Нұрланұлы шәкірттерге “Мухтасарул уиқая” кітабы негізінде фикһ ілімі бойынша дәріс беріп келеді. Діни білімге қызығушылық танытып, сабаққа тұрақты қатысып жүрген шәкірттердің қатары күн санап артып келеді.
Кездесу соңында мешіт имамы діни сауатын арттырып жүрген шәкірттерге ақ батасын беріп, ілім жолындағы ізденістеріне Алладан береке тіледі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы