Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде насихат айтылды
«Қазыбек би» мешітінде насихат айтылды

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Мамыт Оразалы жиналған жамағатқа «Отан және иман» тақырыбында насихат айтты.

Насихат барысында ұстаз Отанды сүю – иманның бір көрінісі екеніне тоқталып, елге адал қызмет ету, бірлік пен жауапкершіліктің маңызы туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, уақып қайырымдылық қорының қызметі жамағатқа насихатталды.

Сондай-ақ жастарды отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды қадірлеуге шақырды.

Рухани кездесу жамағатқа тағылымды ой салып, имани тәрбие беретін мазмұнды насихатпен қорытындыланды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz