Center Image
IHSAN.KZ
Бейсенбілік дастарханда «Ережеп айының қадір-қасиеті» насихатталды
Бейсенбілік дастарханда «Ережеп айының қадір-қасиеті» насихатталды

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітіндегі дәстүрге айналған бейсенбілік рухани кеш жалғасын тауып, мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы жиналған жамағатқа «Ережеп айының қадір-қасиеті, қасиетті айдың атаулары» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Уағыз барысында имам Ережеп айының исламдағы орнына тоқталып, бұл айды дұрыс әрі сауапты өткізу жолдарын түсіндірді.

 Сондай-ақ қасиетті айда жасалатын ғибадаттар мен игі амалдардың маңызын атап өтті.

Рухани кеш жамағатқа ой салып, имани тәрбие беретін тағылымды насихатпен қорытындыланды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz