Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің ұстазы Рахымбаева Айгерімнің ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері арасында «Алланың көркем есімдері» атты тағылымы терең іс-шара өтті.
Шараның мақсаты – шәкірттердің Алланың көркем есімдері (Әсмаул-Хусна) туралы білімдерін арттыру, олардың мағынасына терең үңілуге және күнделікті өмірде көркем сипаттарын үлгі етуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында шәкірттер Алланың көркем есімдерін жатқа айтып, әрбір есімнің мән-мағынасына тоқталды.
Тағылымды кездесуде рухани тәрбие, имандылық пен ізгілік құндылықтары кеңінен насихатталып, шәкірттердің діни білімге деген қызығушылығы арта түсті.
Шара соңында ұйымдастырушы ұстаз Рахымбаева Айгерім қатысушыларға алғысын білдіріп, осындай рухани тәрбиелік іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы