Center Image
IHSAN.KZ
Мешіт ауласы қалың қардан тазартылды
Мешіт ауласы қалың қардан тазартылды
Ақтас кенті «Ерімбет ата» мешітінің шәкірттері мен мешіт жанашырлары бірлесе отырып, мешіт ауласын қардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Аталған шара жамағатқа қолайлы жағдай жасау, тазалыққа мән беру және ортақ жауапкершілікті арттыру мақсатында жүзеге асырылды. Игі іске белсене атсалысқан азаматтар мұсылман үшін тазалықтың иманның бір бөлігі екендігін іс жүзінде көрсетті.
Мешіт ауласының тазартылуы жамағаттың жұма намазын қауіпсіз әрі жайлы жағдайда атқаруына мүмкіндік берді. Осындай сауапты әрі үлгілі істер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz