Center Image
IHSAN.KZ
Ерімбет ата мешітінде мәйіт кебіндеуден дәріс өтті
Ерімбет ата мешітінде мәйіт кебіндеуден дәріс өтті
Ерімбет ата мешітінде жамағатқа арналған рухани-танымдық шара ұйымдастырылып, онда мәйітті жаназа намазына дайындау, яғни кебіндеу (кәфіндеу) тәртібі кеңінен түсіндірілді. Іс-шара барысында ислам шариғаты талаптарына сай мәйітті жуу, кебіндеу және жаназа намазына әзірлеудің негізгі қағидалары жан-жақты баяндалды.

Сабақ барысында дін қызметкерлері бұл рәсімдердің діни маңызына тоқталып, олардың дұрыс әрі сауатты орындалуы марқұмның ақыреттік жағдайына және тірілердің діни жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, тәжірибелік кеңестер ұсынылды.

Аталған шара жамағаттың діни сауаттылығын арттыруға, ұлттық және діни дәстүрлерді дұрыс ұстануға бағытталды. Алдағы уақытта да мешіт қабырғасында осындай пайдалы тағылымдық сабақтар жалғасын табатын болады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz