Ақтас кенті «Ерімбет ата» мешітінің жылдық қорытынды іс-шарасында мешіт шәкіртіне «Жылдың үздік шәкірті» номинациясы табысталып, қасиетті Умра қажылығына жолдамаға тарту етілді.
Бір жыл бойы білім алуға деген шынайы ықыласымен, терең зейінімен, сондай-ақ ұйымдастырушылық және жүргізушілік қабілетімен ерекшеленген шәкірттің еңбегі жоғары бағаланды.
Ол Құран Кәрімнің мәшһүр сүрелері мен 30-парасын жаттап, облыстық Құран жарыстарына белсенді қатысып, тұрақты әрі алғыр шәкірт ретінде өзгелерге үлгі көрсете білді.
Ізденісі мен ілімге деген сүйіспеншілігінің нәтижесінде шәкірт Азиза Сахиқызына қасиетті мекенге аттануға мүмкіндік беретін үлкен сый — Умра қажылығының жолдамасы табысталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы