Center Image
IHSAN.KZ
Ақтас кенті «Ерімбет ата» мешітінің шәкірттері жылды қорытындылады
Ақтас кенті «Ерімбет ата» мешітінің шәкірттері жылды қорытындылады

Ақтас кентіндегі «Ерімбет ата» мешітінде шәкірттермен жылдық қорытынды кеш ұйымдастырылды. Шара қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, дұға жасалды.

Кеш барысында бір жыл ішінде атқарылған діни-ағартушылық жұмыстар, өткізілген сабақтар мен ұйымдастырылған рухани шаралар сараланып, жамағатпен бірге қорытындыланды. Сонымен қатар білімге деген ынтасымен, тәртібімен және мешіт жұмыстарына белсенді қатысуымен ерекшеленген шәкірттерге мешіт атынан алғыс хаттар, арнайы номинациялар мен сыйлықтар табысталды.

Шара соңында келер жылға арналған жоспарлар мен мақсаттар таныстырылып, сауапты істерге бағытталған бастамалар айтылды. Жамағаттың бірлігі мен діни білімге деген құштарлықты арттыру негізгі бағыт ретінде атап өтілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz