Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде дәстүрлі бейсенбілік «Ережеп айының қадір-қасиеті» атты рухани дастархан өз жалғасын тапты.
Іс-шара барысында мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы жамағатқа Ережеп айының исламдағы орны мен маңызын, оның рухани тәрбиедегі рөлін, тәубе мен ғибадатқа ден қоюдың артықшылықтарын кеңінен түсіндірді.
Сондай-ақ қасиетті айда жасалатын ізгі амалдардың сауабы, жүрек тазалығы мен ниеттің дұрыстығы жөнінде насихат айтылды.
Рухани кеш барысында жамағатқа Құран аяттары оқылып, ел амандығы мен бірлігі үшін дұға бағышталды. Шара соңында жамағат арасында өзара пікір алмасу болып, рухани дастархан берекелі жағдайда өтті.
Аталған рухани жиын жамағаттың діни сауаттылығын арттыруға, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттауға және қоғамда рухани бірлікті нығайтуға бағытталған игі бастама ретінде ұйымдастырылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы