ҚМДБ -ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облыс ұстаздарының 2025 жылды қорытындылау жиыны өтті
Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жауапты меңгерушісі Әйгерім Берікболқызының ұйымдастыруымен өткен жиын барысында облысқа қарасты мешіттердің ұстаздары 2025 жылы атқарған іс-шаралары мен жеткен нәтижелерін баяндап, есеп берді.
Сонымен қатар, жиын барысында алдағы 2026 жылға арналған тың жобалар мен жоспарлар талқыланып, ұстаздардың кәсіби дамуына жаңа бағыттар белгіленді.
Іс-шара барысында әр ұстаз өз еңбегі үшін жеке номинация бойынша марапатталды. Ұстаздардың құрметіне дастархан жайылып, сыйлықтар табысталды.
Бірнеше жылдар бойы асыл дініміздің дамуы мен насихатталуына адал қызмет етіп келе жатқан ұстаздар бата тілектерін берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы