Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды облысының «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы жылдың «Үздік пәтуа маманы» атанды
Қарағанды облысының «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы жылдың «Үздік пәтуа маманы» атанды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі аясында өткен «Мүфтият үздігі – 2025» номинациясымен марапаттау рәсімінде Қарағанды облысының «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы Жүсіп Шұғайұлы 2025- жылдың «Үздік пәтуа маманы» атанды.

Салтанатты шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, дін қызметкерлерінің қарқынды және жемісті қызметі үшін алғысын білдірді.

«Барлық дін қызметкерлерінің адал еңбегі – халқымыздың рухани дамуының негізі. Бұл мерейтой – имандылықтың, ізгіліктің және ел бірлігінің мерекесі. Алла Тағала барша қызметкерлерге береке берсін, еңбектеріне жеміс нәсіп етсін!» – деді.

Айта кетейік, 2025 жылы Қарағанды облысы бойынша «Шариғат және пәтуа» бөлімі белсенді жұмыс атқарды. Жыл басынан бері:
Пәтуа сұрақтарына қатысты 2 909 жеке кездесу өткізілді;
Телефон арқылы 3 004 сұраққа жауап берілді;
WhatsApp және әлеуметтік желілер арқылы 6 997 сұраққа жауап берілді;
Жалпы 12 910 сұрақ қаралды;
Имамдарға арналған 9 семинар өткізілді;
Апталық пәтуа сағаты бойынша 317 кездесу ұйымдастырылды;
ҚМДБ құжаттары 78 мәрте насихатталды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz