Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жанашыр жамағат пен кәсіпкерлерге құрмет көрсетілді.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жанашыр жамағат пен кәсіпкерлерге құрмет көрсетілді.
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде рухани игі шара ұйымдастырылып, мешіт қызметіне және асхана құрылысына 2025 жылы белсене атсалысқан кәсіпкерлер мен жамағаттарға алғыс хат табысталды. Жиын мешіт имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен өтті.

Шара барысында сауапты іске үлес қосқан жанашыр азаматтарға арнайы құрмет көрсетіліп, дастархан жайылды. Кездесу аясында имам «Уақып» тақырыбында уағыз-насихат айтып, уақыптың діндегі орны, қоғамға тигізер пайдасы мен садақаның үздіксіз сауабы жайында кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар да сөз алып, мешітке деген ықыластарын білдіріп, атқарылып жатқан игі істерге ризашылықтарын жеткізді. Өзара ақжарма тілектер айтылып, алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы жұмыстарға бірлесе үлес қосуға ниет білдірілді.

Аталған басқосу жамағат бірлігін нығайтып, қайырымдылық пен жанашырлықтың маңызын тағы бір мәрте айқындаған тағылымды кездесу болды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz