Абай аудандық орталық мешітінде жастарға «Жастар және Отан» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.
Тағылымды кездесуде мешіттің наиб имамы Есбол Оңал жастарға имандылық, отансүйгіштік, ел бірлігі мен қоғам алдындағы жауапкершілік туралы маңызды ойлар жеткізді.
Уағыз барысында жастарды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, дін мен дәстүрді сабақтастыра ұстануға, елге адал қызмет етуге шақырды. Шара соңында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, рухани тәрбиеге бағытталған пайдалы кеңестер айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы