Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде 2025 жылдың қорытындысына арналған арнайы жиын өтті. Басқосуда бір жыл бойы атқарылған діни-ағартушылық, әлеуметтік және рухани бағыттағы жұмыстар кеңінен сараланды.
Жиынды мешіт имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы ашып, 2025 жылы жүзеге асқан негізгі іс-шараларға тоқталды. Атап айтқанда, жамағатпен жұмыс, қайырымдылық шаралары, діни дәрістер мен тәрбиелік бағыттағы кездесулердің нәтижелері айтылды. Сонымен қатар, мешіт қызметінде бірлік пен жауапкершіліктің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Имам жыл бойы мешіт қызметіне адал еңбек еткен барша ұжымға алғысын білдіріп, әр қызметкердің үлесі сауапты іс екендігін жеткізді. Жиын барысында мешіт ақсақалдарына және тұрақты қызмет атқарып жүрген имамдарға алғыс хаттар табысталды. Бұл — мешіт өміріне белсене араласып, ел бірлігі мен рухани тұрақтылыққа үлес қосып жүрген жандарға көрсетілген құрметтің белгісі.
«Нұр» мешіті ұжымы алдағы уақытта да жамағатқа рухани бағыт-бағдар беріп, қоғам игілігі жолындағы қызметін жалғастыра бермек.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы