Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ: «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ» ЗАҒИП ЖАНДАРҒА ДАСТАРХАН ЖАЙДЫ
ҚАРАҒАНДЫ: «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ» ЗАҒИП ЖАНДАРҒА ДАСТАРХАН ЖАЙДЫ
ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында  «Зекет және қайырымдылық қорының» Қарағанды облысы бойынша өкілдігі қаладағы зағиптар үйіне арнайы ат басын бұрып, әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға  қайырымдылық дастарханын жайды.

Шара барысында қордың облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы мекемедегі зағип жандарға ізгі тілегін білдіріп, жүрекжарды лебізін арнады. Арнайы  дастархан жайылып,  ас берілді.

Игі шараны ұйымдастыруға мұрындық болған «Зекет және қайырымдылық қорының» ұжымына мекеме басшылығы атынан алғыс хат табысталды.
 
- Аталған шара қоғамдағы мейірімділік пен әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталған,- дейді «Зекет және қайырымдылық қорының» Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz