Қасиетті Құран Кәрімге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру мақсатында Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің әйел-қыздар жамағаты арасында «Духа» сүресі мен «Нәс» сүресі аралығында Құранды жатқа оқудан сайыс өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – шәкірттердің Құранды жатқа оқу деңгейін арттыру, тәжуид ережелерін қатаң сақтай отырып, дұрыс әрі көркем оқу дағдыларын қалыптастыру.
Сайыс барысында қатысушылар белгіленген сүрелерді жатқа, тәжуид талаптарын сақтай отырып, көркем әрі мәнерлі оқып, дайындық деңгейлерін жоғары дәрежеде көрсетті.
Қазылар алқасы шәкірттердің Құранды жатқа білуін, тәжуид талаптарының сақталуын, оқу тәртібі мен дауыс ырғағын бағалады. Сайыс барысында қатысушылардың жауапкершілігі мен Құран іліміне деген ықыласы байқалды.
Шара қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып, сайысқа қатысқан барлық шәкірттерге алғыс хаттар табысталды.
Аталған рухани шара жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеуге және Құран іліміне қызығушылықты арттыруға бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы