ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» бастамасымен «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық акциясы аясында Қарағанды облысындағы балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жабдықтар тарту етілді.
Аталған жабдықтар балалардың сенсорлық қабылдауын дамытуға, күнделікті дағдыларын жетілдіруге және оңалту үдерісін тиімді ұйымдастыруға бағытталған.
Игі шара барысында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» өкілдері мекеме ұжымымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Кездесу барысында тараптар әлеуметтік қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, ерекше қажеттілігі бар балаларға жан-жақты қамқорлық көрсету - ортақ міндет екендігін жеткізді.
Өз кезегінде арнаулы орталық басшылығы мен ұжымы қайырымдылық шараны ұйымдастырып, жүзеге асырған ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» басшылығына және игі іске үлес қосқан барша жомарт жандарға алғысын білдірді.
ҚМДБ - ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы