Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлы «Діни оңалту және жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыты бойынша Приозерск қаласының мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне арнайы түсіндіру жұмысын өткізді.
Іс-шара барысында дәстүрлі дін мен жат діни ағымдарды айыру, заңнамалық негіздер және қоғамда қауіпсіздік пен бірлікті сақтау маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берді. Атап айтқанда, діни сауат пен дәстүрлі ислам құндылықтарының маңызы, жат діни ағымдардың қауіптілігін тану, олардан сақтану жолдары түсіндірілді.
Түсіндіру жұмыстары кезінде қатысушылар белсенді сұрақтар қойып, өзекті діни мәселелер бойынша пікір алмасты.
Жат діни идеологияның таралуына қарсы түсіндіру жұмыстары - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, сондай-ақ азаматтардың діни сауаттылығын арттырудың маңызды бөлігі болып табылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы