Center Image
IHSAN.KZ
Хазірет Али мешітінде жат ағымның зияны түсіндірілді
Хазірет Али мешітінде жат ағымның зияны түсіндірілді

Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлы мешіт жамағатына «Жат ағым жарылқамайды» тақырыбында насихат айтты.

Насихат барысында имам дәстүрлі ислам құндылықтарының маңыздылығына тоқталып, жат діни ағымдардың қоғамға, отбасыға және жеке тұлғаға тигізер зияны туралы жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, дінді дұрыс түсінудің, сенімді ақпарат көздеріне жүгінудің және радикалды идеологиядан сақ болудың маңызын атап өтті.

Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, рухани тұрақтылықты сақтау мен бірлікті нығайту жөнінде тағылымды ойлар айтылды.

Бұл бағыттағы насихат жұмыстары қала мешіттерінде жүйелі түрде жалғасып келеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz