Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлы жат діни ағымдардың таралу қаупін төмендету және діннің дәстүрлі негіздерін насихаттау мақсатында арнайы ақпараттық акция ұйымдастырды.
Акция аясында қаладағы сауда орындары мен қала көшелерінде ақпараттық бүктемелер таратты, онда келесілер қамтылған:
- ҚР заңнамасы бойынша діни сенім бостандығы және діннің дәстүрлі бағыттары туралы қысқа түсініктеме
- Жат діни ағымдарды айыру жолдары мен қауіптілігі жөнінде ақпарат.
- Халыққа дінді дұрыс түсіну мен қауіпті идеологиядан сақ болу бағытында кеңестер
Бұл шара еркін қоғамда тыныштық пен рухани тұрақтылықты сақтау мақсатында өткізілді және тұрғындардың сұрақ-жауап алмасуына мүмкіндік берді. Іс-шара қоғамдық орындарда өткізілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы