Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері үшін «Радикалды діни ағымдар идеологиясына қарсы іс-қимыл» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы мен ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін идеологиялар» тақырыптарында дәріс ұйымдастырылды.
Шараға «Діни оңалту» бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгеруші Данияр Ерікұлы қатысты.
Дәріс барысында радикалды діни ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсері, олардың алдын алу жолдары және экстремистік идеологиялардың ұлттық қауіпсіздікке төндіретін қатері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына қарсы бағытталған идеялардың белгілері, олардан сақтану тетіктері және заңнама аясындағы жауапкершілік мәселелері қозғалды. Қатысушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Іс-шара соңында мұндай профилактикалық әрі түсіндіру бағытындағы кездесулердің маңыздылығы атап өтіліп, алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстардың жалғасатыны айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы