Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешітінде Тәуелсіздік құрбандарына Құран бағышталды
«Әнет баба» мешітінде Тәуелсіздік құрбандарына Құран бағышталды

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай рухани кеш ұйымдастырылып, тәуелсіздік жолында құрбан болған марқұмдар рухына Құран бағышталды. 

Кеш барысында кешегі боздақтардың елдің азаттығы үшін жасаған ерліктері еске алынды.

Сонымен қатар, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға құрмет көрсетіліп, олардың тағдырлары мен ерліктері жайлы қысқаша мәлімет берілді. 

Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті, оның қандай қиындықтармен келгені және әрбір азаматтың ел мүддесі үшін адал еңбек ету маңыздылығы туралы насихат жүргізілді.

Рухани кеш барысында дастархан жайылып, ел мен жердің тыныштығы, бірлігі мен амандығы үшін дұға жасалды. 




Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz