16-желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі іс мешіт имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен өтті.
Шара барысында мүмкіндігі шектеулі 15 балаға арнайы дайындалған мерекелік сыйлықтар табысталды. Бұл бастама балаларға қуаныш сыйлап, қоғамдағы мейірім мен жанашырлықты арттыруды мақсат етті.
Қайырымдылық шарасына «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Байкешев Нұрғали және мешіт ақсақалдары қатысып, балаларға ақ тілектерін білдірді. Сондай-ақ Тәуелсіздік күнінің маңызы айтылып, ел тыныштығы мен халықтың бірлігі үшін дұға жасалды.
Мешіт ұжымы алдағы уақытта да осындай игі істер жалғасын табатынын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы