Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешіті: «Елге деген сүйіспеншілік – басты құндылық»
«Қазыбек би» мешіті: «Елге деген сүйіспеншілік – басты құндылық»

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Ажар Кидирмановна 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай әйел-қыздар жамағатына «Елге деген сүйіспеншілік – басты құндылық» тақырыбында насихат жүргізді.

Шара барысында ұстаз тәуелсіздіктің қадір-қасиеті, ел бірлігі мен патриотизмнің маңызы туралы кеңінен әңгімелеп, қатысушыларға отансүйгіштік пен рухани тәрбие берудің маңыздылығын түсіндірді. 

Жамағат имандылық пен қоғамға пайдалы істерге шақырылды, Тәуелсіздік рухы дәріптелді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz