Center Image
IHSAN.KZ
ТӘУЕЛСІЗДІК - ҮЛКЕН НЫҒМЕТ!
ТӘУЕЛСІЗДІК - ҮЛКЕН НЫҒМЕТ!

Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 

 Тамыры тереңге тартқан тарихымызда ата-бабамыз ерікті ел болу жолында қаншама тар жол тайғақ кешті, қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерді. Кешегі Керей мен Жәнібек хандардың ұлы мұраттары, Абылайханның асқақ арманы, Кенесарының мақсаты, одан бергі Алаш идеясы, осылардың барлығының түп төркіні Тәуелсіз ел болу еді. Аллаға мың да бір шүкір, біздер Тәуелсіздіктің ақ таңына куә болған ұрпақпыз. Мұнысына шүкірлік білдіреміз. Тәуелсіздік елімізге еркіндік сыйлады, дербес ел болдық. Онымен қоса асыл дініміз де кең қанат жайды.

Тәуелсіздік – барша халқымыз үшін үлкен қуаныш, ұлы бақыт. Халқымыз: «Қуана білмегенге құт қонбайды», – деген.

                      Қадірменді жамағат!

Тәуелсіздік – талайдың тағдырына бұйырмаған баға жетпес бақыт. Алла Тағаланың бізге берген үлкен нығмет-сыйы. Ғасырлар бойы жүргізілген тынымсыз күрес пен қайсар бабаларымыздың ерен еңбегі. Сондықтан Тәуелсіздік – біздер үшін аманат. Осы қасиетті құндылығымызды атадан балаға, баладан ұрпаққа қалдыруға үлес қосу кез келген саналы адамға міндет.

Алла Тағала Тәуелсіздігімізді тұғырлы, егемендігімізді еңселі етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлы

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz