Center Image
IHSAN.KZ
Ағадыр кентінде Тәуелсіздік күніне орай рухани кеш өтті
Ағадыр кентінде Тәуелсіздік күніне орай рухани кеш өтті

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай Шет ауданына қарасты Ағадыр кенті «Иса молла» мешітінің имамы Нұржан Оңғарұлының ұйымдастыруымен құрбан шалынып, ата-баба рухына Құран хатым бағышталды. 

Сонымен қатар, Мәуліт оқылып, елдің амандығы мен бірлігі, тәуелсіздіктің тұғырлы болуы үшін дұға жасалды.

Жиынға мешіт жамағаты, жергілікті тұрғындар және жастар қатысты. 

Имам Нұржан Оңғарұлы қатысушыларға тәуелсіздіктің қадір-қасиеті, тарихи оқиғалар мен ұлттық құндылықтарды сақтау қажеттігі туралы кеңінен түсіндіріп, жастарды елін сүюге және отбасы мен қоғамдағы игі істерге үлес қосуға шақырды.

Шара соңында жамағат бірлік пен татулықтың маңызын атап өтіп, Тәуелсіздік мерекесінің рухани мәнін арттыруға бағытталған ой-пікірлерімен бөлісті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz