Center Image
IHSAN.KZ
«Ар-Рахман» мешіті: футболдан достық кездесу өтті
«Ар-Рахман» мешіті: футболдан достық кездесу өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің жастар жамағаты 16- желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында футболдан достық кездесу өткізді.

Шараның мақсаты – жастар арасында бірлікті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және бауырмалдық қарым-қатынасты арттыру. Ойын өзара сыйластық пен достық рухта өтті.

Бұл бастама мешіт жастарының ұйымшылдығын арттырып, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған игі шаралардың бірі болды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz