Center Image
IHSAN.KZ
Тәуелсіздік күніне орай Қарағандыда Құран хатым дұғасы жасалды
Тәуелсіздік күніне орай Қарағандыда Құран хатым дұғасы жасалды

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде Тәуелсіздік күніне орай тағылымды рухани шара ұйымдастырылды. 

Шара барысында мешіт имамы Махмуд қажы Нұрұлы  шәкірттер тарапынан оқылған Құран хатымның дұғасы жасалды.

Рухани жиында еліміздің тәуелсіздігі жолында жанын қиған бабаларымыздың, сондай-ақ Желтоқсан оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың рухына арнайы дұға бағышталды.

Іс-шараның жалғасында шәкірттер үшін дастархан жайылып, өзара әңгіме-дүкен құрылды. Жиынға қатысушыларға отансүйгіштік, бірлік пен рухани құндылықтардың маңызы жөнінде насихат айтылды.

Аталған шара жас ұрпақты имандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеуді және тарихи сананы нығайтуды мақсат етті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz