«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен «Ер баланың ерлігі – әке мектебіндегі атқа мінуден басталады» атты тәрбиелік-танымдық шара өтті.
Шара барысында әке мектебінің негізі саналатын ер баланы атқа мінуге баулу, ат әбзелдерін дұрыс қолдану жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ұлттық спорттың бірегей түрі саналатын садақ ату өнері насихатталып, оның тәрбиелік мәні кеңінен түсіндірілді.
Аталған шара жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтар мен ерлік рухын сіңіруге, сондай-ақ отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлін айқындауға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы