Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы Байқадам ауылдық «Ғыйзат қажы» мешітінің имамы Орынбай Ерлан Көкпекті ауылдық округі әкімдігімен бірлесе отырып, жергілікті халықпен кездесуі өткізді.
Жүздесу барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қоғамдық мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар мешіт пен әкімдік арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, рухани-тәрбиелік бағыттағы жұмыстарды жетілдіру жайы сөз болды.
Кездесу ауылдың рухани өмірін жандандырып, халықпен байланыс орнатуға бағытталған маңызды шара ретінде өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы