Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылдық «Ғыйзат қажы» мешітінде Құран оқуды үйрену және тәжуид iлімінен күнделікті тұрақты дәрістер өткізіліп келеді.
Мешіт имамының тарапынан ұйымдастырылған бұл сабақтар жамағаттың Құранды дұрыс әрі мәнерлеп оқуын үйретуге бағытталған.
Дәрістерде әріптердің шығу орындары, оқу қағидалары, тәжуид ережелері жан-жақты түсіндіріліп, қатысушылардың білімін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінуде.
Жергілікті жамағат пен жасөспірімдер үшін пайдалы болып отырған бұл оқу бағдарламасы ауылдағы діни сауаттылықтың артуына үлкен үлес қосуда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы