Center Image
IHSAN.KZ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ «ЖАТ АҒЫМ - ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ» ТАҚЫРЫБЫ НАСИХАТТАЛДЫ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ «ЖАТ АҒЫМ - ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ» ТАҚЫРЫБЫ НАСИХАТТАЛДЫ

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бейсенбілік рухани басқосу бұл жолы «Жат ағым – жарға жығады» тақырыбында жалғасын тапты.

Шара барысында ҚМДБ-ның «Жат діни ағымдардан сақтандыру және оңалту» бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Данияр Ерікұлы жамағатқа қазіргі қоғамда, әсіресе жастар арасында белең алып отырған жат діни ағымдардың зияны туралы кеңінен насихат айтты. 

Сонымен қатар, олардың алдын - алу бағытында атқарылуы тиіс маңызды шараларды түсіндірді.

Басқосу барысында дастархан жайылып, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында елдің азаттығы жолында құрбан болған батырлар рухына Құран бағышталды.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz