Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінде жамағаттың діни сауатын арттыру мақсатында Құран оқу және тәжуид ілімінен тұрақты дәрістер ұйымдастырылып келеді. Бұл сабақтар – қала тұрғындарының қасиетті Құранды дұрыс оқып, оның мән-мағынасын ұғына түсуіне үлкен мүмкіндік беретін игі бастама.
Мешіт ұстаздарының айтуынша, соңғы жылдары жамағаттың діни білімге деген қызығушылығы айтарлықтай артқан. Әсіресе, Құранды дұрыс оқу, әріптерді тәжуид ережелерімен меңгеру, сүрелерді жаттау бағытында қатысушылар қатары көбейген.
Дәрістер аптаның белгіленген күндері арнайы оқу бөлмесінде өтеді. Сабақтар ерлер мен әйелдерге бөлек ұйымдастырылып, әр деңгейге арналған арнайы оқу бағдарламасы құрылған. Жаңадан бастаушылар үшін Құран әліппесі үйретілсе, тәжірибесі бар жамағатқа тәжуид ережелерін тереңдетіп оқу, қырағатты дұрыс орындау секілді жоғары деңгейлі тақырыптар қамтылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы