Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде «Жастар және Отан» тақырыбында уағыз насихат айтылды.
Мешітке жиналған жамағатқа, әсіресе жас буынға, Отанды қорғаудағы азаматтық борыштың мәні мен маңызы түсіндірілді.
Имам жастарға Отанды сүю отбасынан басталатынын, шаңырақтың беріктігі мен берекесін сақтау ер азаматтың негізгі міндеті екенін атап өтті.
Уағызда ауызбіршілікті сақтау, елдің бірлігін қорғау, көршімен, әртүрлі ұлт пен дін өкілдерімен татулықта болу қажеттілігіне де ерекше назар аударылды.
Имам жастарға мешітте өткізілетін осындай жиындарға қатысып, өз сауалдарына толық жауап алуға шақырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы