Шет ауданына қарасты Ағадыр кенті «Иса молла» мешітінде имам Нұржан Оңғарұлының ұйымдастыруымен күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Жөндеу барысында мешіттің ішкі және сыртқы бөлігі жаңартылып, жамағатқа қолайлы жағдай жасау жоспарлануда. Игілікті іске ауыл тұрғындары мен жомарт жандар да өз үлестерін қосуда.
Мешіт қызметкерлері бұл жұмыстар жамағатқа жайлы, жарық әрі таза орта қалыптастыруға сеп болатынын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы