Center Image
IHSAN.KZ
Сәрепті ауылдық мешітінде мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды
Сәрепті ауылдық мешітінде мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды

Абай ауданына қарасты Сәрепті ауылдық мешітінің имамы Сәйдоллаұлы Сәбидолланың ұйымдастыруымен және ауылдың қайырымды жандарының қолдауымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арналған азық-түлік себеттері таратылды.

Имам Сәйдоллаұлы Сәбидолла бұл игі бастаманың ауыл тұрғындары арасындағы бірлік пен жанашырлықты арттыруға бағытталғанын атап өтті. 

Жергілікті жамағат пен демеушілер де өз кезегінде жақсылық жасау – қоғамның тыныштығы мен берекесінің бастауы екенін айтып, бастамаға қолдау білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz