Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде «Алланың назары жүректе» атты дәстүрлі бейсенбілік рухани кездесу өз жалғасын тапты. Іс-шара барысында мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы жамағатқа жүрек тәрбиесінің маңызы, ықылас пен ниеттің тазалығы, сондай-ақ рухани кемелдікке жетелейтін амалдардың мәні туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Баяндамасында имам жүректің адам болмысындағы орны, құлшылықтағы ихсан қағидаты және рухани жауапкершіліктің негізгі тұғырлары туралы ғылыми-танымдық тұрғыда талдап, тыңдаушыларға практикалық мысалдар арқылы кеңінен түсінік берді. Сонымен қатар жамағат пен шәкірттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар ұсынылып, кездесу өзара пікір алмасу форматында өтті.
Шараның басты мақсаты – жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, ішкі жан дүниені тәрбиелеуге бағытталған исламдық қағидаттарды тереңірек түсіндіру және қоғамда имандылық пен руханият құндылықтарын нығайту болып табылады.
Кеш соңында Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай Құран оқылып, бабаның рухына дұға бағышталды. Сонымен бірге мешітте рухани мәдениетті қалыптастыруға бағытталған игі бастамалардың алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатыны атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы