Center Image
IHSAN.KZ
Мамандандырылған күзет қызметінде өзекті әлеуметтік мәселелер талқыланды
Мамандандырылған күзет қызметінде өзекті әлеуметтік мәселелер талқыланды

Қарағанды және Ұлытау облыстарының Мамандандырылған Күзет Қызметі Басқармасында қызметкерлер арасында суицидтің алдын алу, лудоманияның зияны, алкогольдік тәуелділік және жат діни ағымдардан сақтандыру тақырыптарын қамтыған кешенді түсіндіру шарасы өтті.

Жиынға ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша «Жат діни ағымдардан сақтандыру және оңалту» бөлімінің жауапты маманы Дәнияр Ерікұлы қатысып, қоғамда жиі кездесетін осы мәселелердің рухани, әлеуметтік және қауіпсіздік тұрғысынан әсерлері туралы кең көлемде мәлімет берді.

Кездесу барысында қызметкерлер көкейдегі сұрақтарын жолдап, маман тарапынан нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. 

Шараның негізгі мақсаты – қызметкерлерді теріс ықпалдардан сақтандыру, дұрыс ақпараттандыру және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz