Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде 3 желтоқсан – мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күніне орай қайырымдылық шарасы өтті. Іс-шара аясында «Қазақ зағиптар қоғамы» орталығындағы жандарға азық-түлік түрінде көмек көрсетіліп, әлеуметтік қолдауды қажет ететін 10 отбасы қамтылды.
Бұл игі амал мешіт жамағатының адамгершілік пен мейірімділікке үндейтін дәстүрлі бастамаларының бірі ретінде ұйымдастырылды. Шара барысында тұрмыстық қажеттіліктерге арналған азық-түлік пакеттері табысталып, мұқтаж жандарға қуаныш сыйланды.
«Нұр» мешітінің ұжымы алдағы уақытта да әлеуметтік бағыттағы қайырымдылық жұмыстарын жалғастыра беретінін жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы