Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық “Қазыбек би” мешітінде жыл қорытындысы өтті
Қарағанды қалалық “Қазыбек би” мешітінде жыл қорытындысы өтті

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде имам Асылхан Нұртайұлының бастамасымен 2025 жылдың қорытынды кеші өтіп, мешіттің дін қызметкерлері бір жыл бойы атқарған табанды еңбектері үшін арнайы марапаттарға ие болды.

Имам Асылхан Нұртайұлы әр қызметкерге алғыс хаттарын табыстап, жамағатқа қызмет ету жолындағы жауапкершілігі мен үлесі үшін жүрекжарды ризашылығын білдірді. 

Имам мешіт ұжымының біртұтастығын, ынтымағын және қоғамға көрсетіп келе жатқан игі істерін ерекше атап өтті.

Кеш барысында жиналған қауымға ақ дастархан жайылып, жылы шырайлы сұхбат пен рухани әңгіме жалғасын тапты. 

Ізгі ықыласқа толы басқосу көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жаңа жылға тың серпін берді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz