Center Image
IHSAN.KZ
Жастарға жат ағымның алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Жастарға жат ағымның алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінің имамы Мурсали Қаленұлының ұйымдастыруымен мешіттің жас жеткіншектеріне жат ағымның алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында имам жастарға діни сауаттылықтың маңызы, жат ағымдардың белгілері және одан сақтану жолдары жөнінде кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар, дұрыс ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алу қажеттілігі атап өтілді.

Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы жауап алды. Осындай рухани-тәрбие бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz