Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен Әлихан Бөкейхан ауданындағы қарттар үйіне арнайы зиярат жасап, киім-кешек пен жеміс-жидектер тарту етті.
Зиярат барысында қарттармен емен-жарқын сұхбат құрылып, олардың хал-жағдайы сұралды. Қамқорлық пен мейірімге мұқтаж ақсақалдар мен әжелерге жеміс-жидектер, күнделікті тұрмысқа қажетті киім-кешектер үлестірілді.
Мешіт дін қызметкерлері бұл шараның басты мақсаты – қарттар көңіліне қуаныш сыйлап, оларға қоғамның назарынан тыс қалмағандарын сезіндіру екенін атап өтті. Осындай сауапты амалдар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы