Center Image
IHSAN.KZ
«Әл Машани» мешітінде «Көршіңе қарайлас» шарасы өтті
«Әл Машани» мешітінде «Көршіңе қарайлас» шарасы өтті

«Дін мен дәстүр» бағыты аясында Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұйымдастыруымен «Көршіңе қарайлас» атты шара өтті.

Іс-шара барысында мешіт ұжымы мен жамағат мешіт маңында орналасқан көршілес мекемелер мен тұрғындарға игі ниет ретінде шелпек үлестіріп, көршілермен жылы қарым-қатынас орнатуға бағытталған іс-әрекеттер жасады.

Шараның мақсаты — көршілерге ізгі ниет білдіру арқылы дүниеде береке мен сыйластықты арттыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау. Қатысушылар өзара әңгімелесіп, көршімен мейірім мен сыйластықты нығайтуға шақырылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz