Center Image
IHSAN.KZ
«Ұлтын оятқан ұлы тұлғалар»: Міржақып Дулатұлын еске алу кеші өтті
«Ұлтын оятқан ұлы тұлғалар»: Міржақып Дулатұлын еске алу кеші  өтті

Ұлт арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде имам Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен ұлт қайраткерін еске алу мақсатында «Ұлтын оятқан ұлы тұлғалар» атты рухани кеш өтті.

Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, күрескер қаламгер Міржақып Дулатұлын еске алуға арналған бұл кешке филология ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» академиясының профессоры Мұхамедғали Ілиясұлы арнайы келіп, қайраткердің өмір жолы мен қызметіне терең талдау жасады. 

Ол Міржақыптың қазақ халқын оятудағы орны, ұлт бірлігі мен руханиятын қалыптастырудағы үлесі жайлы баяндап, көптеген тың деректерді жамағат назарына ұсынды.

Шара барысында алаш арыстарының ел үшін жасаған ерліктері, олардың азаттық жолындағы күресі мен ұлттық мүдде жолындағы табанды еңбектері кеңінен айтылды.

Кешке қатысқан жамағатқа Міржақып Дулатұлының тарихи мұрасы саналатын «Оян, қазақ!» кітабы үлестіріліп, ұлт руханиятына қосқан өлшеусіз үлесінің маңызы атап өтілді.

Іс-шара соңында ұлт арыстарының рухына Құран оқылып, дұға жасалды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz