Center Image
IHSAN.KZ
Жас отау иелеріне рухани насихат айтылды
Жас отау иелеріне рухани насихат айтылды

«Ислам және отбасы құндылықтары» жылы аясында Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлы жаңадан неке қиған жас отау иелерімен арнайы кездесу өткізді.

Кездесу барысында имам отбасының берік болуы үшін қажет діни-рухани қағидалар жөнінде кең көлемді насихат айтты. Сондай-ақ ер мен әйелдің өзара міндеттері, сыйластықты сақтау, сабыр мен кешірімнің отбасылық өмірдегі рөлі, ынтымақ пен жауапкершіліктің маңызы түсіндірілді.

Шара жас жұбайларға бағыт-бағдар беріп, отбасылық өмірге саналы түрде қадам басуға үндеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz