Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Оразалы Ноянұлы АЛЖИР мемориалдық музейіне арнайы экспедиция жасады.
Сапардың негізгі мақсаты – сталиндік репрессия құрбандарының тарихымен танысу, олардың өткеніне тағзым жасап, дұға бағыштау болды.
Экспедиция барысында музей қызметкерлерінен қуғын-сүргін жылдарындағы әйелдердің тағдырына қатысты деректерді тыңдап, тарихи жәдігерлермен танысты. Қатысушылар тоталитарлық жүйе кезеңінде жазықсыз жапа шеккен аналар мен азаматтардың өмір жолдары жайлы мазмұнды мағлұмат алды.
Сапар соңында репрессия құрбандарына арнап Құран оқып, дұға жасады.
Шара қатысушыларға рухани тағылым беріп, өткен тарихты ұмытпауға үндеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы