Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағатына арналған ақида дәрістері тұрақты түрде өтіп келеді.
Дәрістер барысында имам сенім негіздері, ислам ақидасының қағидалары, әһлі сунна уәл-жамаға ұстанымы және мұсылманның дұрыс сенім қалыптастырудағы жауапкершілігі жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әр сабақта қатысушылардың сұрақтары талқыланып, сенім мәселелерінде жиі кездесетін қателіктерге нақты түсініктеме беріледі.
Жамағат тарапынан аталған дәрістерге қызығушылық артып, қатысушылар имамға рухани бағыттағы пайдалы дәрістер үшін алғыстарын білдіруде.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы