Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінде жамағатпен кездесіп, жат ағымдардың зардабы мен олардың қоғамға тигізетін қауіп-қатері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында имамдар теріс діни ағымдардың белгілері, жастарды өз ықпалына тарту тәсілдері және олардан сақтану жолдары туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, дәстүрлі Ханафи мәзһабы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстанатын бағыттың ерекшеліктері түсіндіріліп, дұрыс діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу соңында жамағат тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, имамдар толыққанды жауаптар берді. Жамағат мұндай түсіндіру жұмыстарының маңызды екенін айтып, өз алғыстарын білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы